Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі Сырым ауданында болды

c 16:06, 04/09/2018 c 1449

0:00 / 0:00

Аты БҚО халқына таныс, тіпті батысты қойып әулиелігі күллі республикаға мәлім Жұмағазы хазірет кесенесіне қатынау үшін жол салынатын болады. Бұл туралы Сырым ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Әкім одан әрі Сырым ауданы ішіндегі аудан аралық жолдардың құрлысымен де танысты.

Облыс басшысы Сырым ауданына жұмыс сапары барысында әуелі БҚО-дағы Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына енген нысанның бірі, әулие Жұмағазы Хазіреттің кесенесі орналасқан зиярат кешеніне аялдады. БҚО өңірінде XVIII аяғы мен XIX ғасыр басында өмір сүрген діндар Жұмағазы хазірет кесенесі Сырым ауданы,Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағындағы Тамасай жерінде тұр. Ел арасында бұл кісіні Дәдем ата деп те атайды. Кесененің шырақшысы, әулиенің ұрпағы .Ғарифолла Жанбозовтың айтуынша бұл жерге ниет етіп келетіндер саны күн санап артып келеді.

Ниет етіп келушілер үшін кесененің басында қонақ үй, намазхана бар. Ал Тамасайдың етегінде Жұмағазы бұлағы ағып жатыр. Әулие атамыздың кесенесіне дұға тілеп,шипа іздеуші жандардың бірі Альбина ханым.

Облыс әкімімен кездесу барысында басты мәселе - жол жайы айтылды. Бір топ қоғам белсенділері,зиялы қауым өкілдері Самара-Шымкент күре жолынан кесенеге дейінгі 3 шақырымдық жолды жөндеу туралы ұсыныстар айтқан болатын. Облы әкімі осы мәселеге байланысты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевке жолдың сметалық құжатын дайындауға тапсырды.Сонымен қатар құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінде бастау алатынын жеткізіді.
Сапар барысында облыс басшысы Сырым ауданы Өлеңті ауылының кірме жолындағы орташа жөндеу жұмысын тексерді. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 79,4 млн теңге қаралып,ағымдағы жылдың 11 мамырынан жұмыстар басталған болатын. Бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталып, қолдануға берілген .

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.