Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі мерекемен құттықтады

c 11:51, 11/05/2020 c 437

7- мамыр күні Қазақстанда Отан қорғаушылар күні тойланды. Әрбір айдынды елдің тірегі –қуатты әскері екені сөзсіз. Отанын қорғауды парыз деп санаған жандар азаматтардың қауіпсіздігі үшін сапқа тұрып, әскери міндетін атқарып жүр. Отан қорғаушыларды облыс әкімі Ғали Есақлиев арнайы құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Әрбір елді сыртқы жаудан қорғап, елдегі түрлі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қорғау-әскерге жүктелген міндет. Күн сайын Облыс көлемінде 650-ге жуық «Ұлттық ұлан» әскері жұмысқа шығады. Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты жауынгерлердің міндеті мен жұмыс тәртібі күшейтілген режимге көшкен. Отан қорғаушыларды мерекеде облыс әкімі құттықтап келіп, ақжарма тілегін білдірді.

Сап түзеген жауынгерлер Отанды қорғау парыз, ал әскери міндет абыройлы қызмет,-дейді.

Отан қорғаушылар күнінде әскери қызметін ыжғадаттылықпен орындап жүрген мамандар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.