Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Нұржанар" зауытына 50 жыл!

c 16:43, 01/09/2021 c 486

0:00 / 0:00

Биыл өңір экономикасына үлес қосып, 150-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған "Нұржанар" зауытының құрылғанына 50 жыл толмақ. Жарты ғасырда өндіріс ошағы бәсекеге қабілетті өнім шығарып, нарықта сұранысқа ие болды.

"Нұржанар" зауыты өз жұмысын 1971 жылы толыққанды бастады. Содан бері түрлі кезеңді бастан кешірген зауыт бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін құрылғыларды 2007 жылдан бері жаппай жаңартуды қолға алды. Бүгінде 150 оралдық осы зауытта жұмыс істейді. Зауыт квас, лимонад, шай, су, энергетикалық сусын шығарады. Олардың бәрі барлық стандартқа сай. Сусындардың сапалы болуы үшін мамандар даярлау барысын жіті бақылайды. Дайын өнім сақталып, сауда нүктелеріне жөнелтіледі.

Жарты ғасыр қалтқысыз қызмет жасап келе жатырған кәсіпорынның алға қойған мақсаты көп. "Нұржанар" зауыты заманауи құрылғыларды орнатып, еңбек күшін үнемдеп, ауыр жұмысты құрылғыларға тапсыруды қазірден бастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.