Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Нұр-Сұлтан" кемесі жағалау күзетінде

c 17:43, 25/04/2019 c 916

0:00 / 0:00

Мыңға тарта адам еңбек ететін «Зенит» зауыты бүгінге дейін жиырмадан аса катер-кеме құрастырса, бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы бойынша 30-шы кемені суға түсірді. Салтанатты шараға зауыт ұжымы мен Облыс әкімі Алтай Көлгінов және ҚР ҰҚК-нің шекара қызметі мен «Қазақстан инжинеррлігі» АҚ басшылығы және қала тұрғындары қатысты.  Яғни  240 тонналық «Зенит» зауытында құрастырылған су көлігі жағалау қызметін күзетуге аттанды. Арнайы әзірленген су көлігінің өзгелерден айырмашылықтары бар. Кеме толықтай жаңа жүйемен басқарылады. Жаңа жүйенің су көлігіне беретін мүмкіндіктері өте көп. Мәселен осы катер басқарылуы оңай.  Шамамен тәуліген 4 тонна ауыз су тұшыту қондырғысымен қамтмасыз етілген. 42 метрлік катер Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімі үшін дайындалған.  «Барыс» жобасының кемелері 2006 жылдан бері бастап шығарылып келеді. Ол жылжымалы нысанды жүздеген метрден дәл анықтап айнытпай көрсетіп береді. Соған қарап шешім қабылдауға болады. Арнайы қару-жарақпен толық жабдықталған. Теңізде болатын 7 балдық жер сілкіністеріне төттеп бере алады. Салтанатты шараға қатысқан Дархан Ділманов Шекара қызметі "Зенит" зауыты шығаратын кемелерге мұқтаж екенін атап өтті. Айта кеткен жөн, еліміздегі  кеме құрастыратын жалғыз зауыттың бұл 30-шы өнімі. Кәсіпорында шығарылған су көлігіне "Нұр-Сұлтан" аты берілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.