Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Неге ұйықтап жүрсіз?»

c 17:52, 10/03/2021 c 447

0:00 / 0:00

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәжіліс төрағасынан сөз естіді. Спикер министрді елде бағалы металдың заңсыз айналымы үшін жазаға тартуды ұсынбай  отырған министрді сынға алды. Айта кетсек, Ресей мен Беларуссияда мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал Қазақстан бұл жазадан бас тартқан. Мәжіліс төрағасы осы мәселені назарға алмай жүрген инудстрия министрін «неге ұйықтап жүрсіз?» деп сынап тастады. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданды.

Қазақстанда асыл тастар мен бағалы металдардың заңсыз  айналымы үшін қатаң жауапкершілік жоқ. Тек әкімшілік айыппұл қарастырылған. Себебі, кезінде қылмыстық кодекстен мұндай жаза алынып тасталған болатын. Индустрия министрі Атамқұлов бұл мәселе алты жыл бойы айтылып келеді, бірақ құқық қорғау органдары тарапынан қолдау таппады деп ағынан жарылды. 2018 жылы Ақмола облысындағы кәсіпорындарда бағалы металдарды жымқыру жағдайы орын алғанды. Алайда, бұл жаза үшін әкімшілік кодексте айыппұл салумен шектелген. Ал Еуразиялық одаққа мүше Ресей мен Белорусь елдерінде бағалы металдарды заңсыз пайдаланғандар қылмыстық жауапқа тартылады. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Осыны алға тартқан мәжіліс төрағасы, индустряи министрін тиісті ұсынысты жасамай ұйықтап жүрсің деп сынап тастады.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы -«Не министр, не үкімет жазаны күшейту туралы ұсыныс енгізбеді. Біз бұл мәсеені жұмыс тобында талқылағанбыз. ІІМ мен Бас прокуратура қарыс емес. Сонда не күтіп жүрсіз? Неге ұйықтап жүрсіз?  Индустрия министрлігі қай тарапты қолдап тұр деген сауал туындап отыр. Неге қажетті қадамдар жасалмаған?»

Соңғы бес жылда  тек «Қазақалтында» 32 мыңнан астам заңсыз іздеуші ұсталған. Өткен жылы 5722  іздеуші ұсталып, полицияның қолына табысталған. Бірақ солардың 80 пайызы қайтадан қылмыс жасаған.Ал ол қылмыскерлер 17 АЕК көлемінде айыппұл төлеп құтылып кетіп жатыр.  Себебі алтынды заңсыз өндіріп, сатып алып, заңсыз саудалап жатқандар пайдаға белшеден батуда. Қазақстанда заңды түрде өндірілген әрбір үш тонна алтынға заңсыз түрдегі бір тонна алтын тиесілі дейді спикер.

Қызу талқылаудан соң, «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Ал баға металдардың заңсыз айналымы үшін жазаны күшейту мәселесі бойынша министрге нақты ұсыныс енгізуге кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.