Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАҒЫ БІР ӨКІЛЕТТІЛІГІ ТОҚТАТЫЛДЫ

c 08:24, 28/01/2022 c 1026

0:00 / 0:00

Парламент Сенаты Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір өкілеттілігін алып тастады. Өздеріңізге мәлім, Парламент Мәжілісі Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты заңдарға өзгеріс енгізгенді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығы тоқтатылды. Ал бүгінгі жалпы отырыста сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Тұңғыш президентпен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды. Осылайша, аталған өзгерістермен құжаттар Мәжіліске кері қайтарылды.

Мәтін. Парламент депутаттары кезінде өздері қабылдаған заңдарды қайта қарап, өзгертіп жатыр. Өткен аптада Мәжіліс Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты заңдарға өзгеріс енгізгізгенді. Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығы тоқтатылды. Қазір бұл құзыретті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев иеленді. Парламент бұл лауазымдарды заңмен бекітіп отыр.

Сенаторлар Мәжіліс енгізген өзгерістерді қолдай отыра, өз тарапынан тағы бір ұсынысты алға тартты. Енді Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бастамаларға араласу құқығынан да айырылып отыр.

Жоғарғы Палата аталған ұсынысты енгізіп, "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу туралы заңнаманы Мәжілістің қарауына қайта жіберді. Бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайтын болады. Төменгі палата сенатты қолдап, қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президенттің қол қоюына жіберіледі. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «NurOtan» партиясының жетекшілігінен де бас тартып, бұл құзыретті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған болатын. Қаңтар трагедиясы билік партиясының съезін кешеуілдетіп жіберді. Ертең нұротандықтар бас қосып, съезд өткізеді. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, партияның кезектен тыс съезінде партия төрағасын сайлау, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланып, қабылданбақ. Айта кетейік, елде орын алған наразылық шерулерінен кейін, Nur Otan партиясының қатарынан кетуге өтініш білдірген саны артуда. Жергілікті жерлерде маслихат депутаттары да партияның мүшелігінен шығып жатыр. Тек Семей өңірінде 150 мүшесі билік партиясының қатарынан шығуға өтініш білдірген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.