Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІН ҚАЗЫНАДАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚЫСҚАРАДЫ

c 15:33, 01/11/2022 c 901

0:00 / 0:00

2010 жылы ашылған Назарбаев университеті цифрлық ғылымдар, медицина мектебі,химиялық, механикалық, құрылыс, электр және аэроғарыш инженериясы, робот техникасы және басқа салалар бойынша білім беріп жатқан ірі халықаралық деңгейдегі оқу орны. Жыл сайын аталмыш оқу орнына республикалық бюджеттен 20- 25 млрд теңге бөлінеді. Енді үкімет 12 жыл бойы қаржыландырып келген Назарбаев университетіне бөлінетін майшелпекті азайтып, 15 млрд теңгеге қысқартып жатыр. Себебі елдегі барлық жоғары оқу орындарына қаражат теңдей қарастырылуы керек. Әсіресе өңірлік университеттер ерекше назар аударуды қажет дейді Ғылым және жоғары білім минстрі Саясат Нұрбек.

Жылда қыруар қаржы Назарбаев университетіне кетіп жатқанда, өңірлердегі жоғары оқу орындарының жабдықталу деңгейі төмендеп кеткен.Министрдің айтуынша Назарбаев Университетінің өзінің инвестициялық қорлары бар. Бүгінде ол қорлар есебінен оқу орнын өзі қаржыландыру принциптеріне көшуге болады. Ал 27 моно қалаға қазынадан қарастырылған қаражат бір ғана Назарбаев университетіне бөлініп отырған қаржыдан әлдеқайда төмен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.