Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Назарбаев құзіретін берді

c 09:07, 30/04/2021 c 767

0:00 / 0:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымынан кетті. Бұл құзірет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді. Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы өткен еді. Осы жиында елбасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым»-,деді.

1995 жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассмеблеясы елдегі жүздеген ұлттық басын қосып отыр. Елбасы Назарбаевқа Ассамблеяның төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Бірақ, елбасы бұл құзіретті Президент Тоқаевқа тапсырғанды жөн санады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев  осы шешімін жариялады.

Дегенмен, елбасы Ассамбеляның құрметті төрағасы болып қала береді. Жиын барысында Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылық жайында айтты. Кейбір оппозициялық жолдастардың елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қатысты пікірлеріне тоқталды. «Елге керегі  тұрақсыздық па?  Біз тұрақсыздықтың не екенін көріп отырмыз. Революциядан революцияға, соғыстан соғысқа дейін. Ел де бұл ретте дамымайды, артта қалады»- деді.  Өз кезегенде, мемлекет басшысы Қазақстан өзінің тұрақтылығын мақтан тұтатынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.