Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нашақорлық өршіп тұр

c 20:42, 01/11/2019 c 1506

0:00 / 0:00

Елде есірктінің интерер арқылы таралуы белең алуда. Салдарынан нашақорлық өршіп тұр. Әсіресе шектеуі жоқ интернеттегі есірткі сатылымы  жастарға ақуіп төндіріп отыр. Республикадағы есірткіге қатысты ахуалды баяндаған Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше,  жыл басынан бері есірткіге қатысты 1878 қылмыс тіркелді. Оның 1118 есрткіні өткізу бойынша болса, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 323 жағдайы анықталды. 19 тонна әртүрлі есірткі түрі тәркіленді. Оның 19 келісі – героин, 370 келісі наша 9 келісі синтетикалық есірткілер. Осы бойынша 5 қылмыстық топ ұсталды.

Нашақорлық жас буынға кері әсерін тигізіп отырған үлкен қасірет. Есірткінің таралу жолы жылдан-жылға жеңілдеп барады. Бүгінде өзге елде отырып-ақ, интерент арқылы есірткіні сатып жатқандар баршылық. Оны өткізушілер интернет-технологиялардың бүкіл әлеуетін пайдалануда. Сайттар мен әлеуметтік желілер нашақорлар үшін ең жеңіл жол болып отыр. Жыл басынан бері еліміздің ІІМ 5 мың сайтты анықтап, бұғаттаған. Олар синтетикалық есірткі таратумен айналысқандар. Осыған қатысты 262 қылмыстық іс қозғалды. 85 азамат ұсталып, олардан 9 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.

Есірткі  айналымына елдегі әйгілі Шу өңіріндегі шикізат та әсер етуде. Бірқатар елдерде марихуана заңдастырылған. Ол медициналық тұрғыдан алғанда науқастарға қолжетімді болуы үшін жасалған. Марихуананы заңдастырған елдердің қатарында Нидерланды, Словения елдері де бар. Ал Қазақстан мұндай қадамға қарсы.

Жыл басынан бері елде есірткіге қатысты 1878 қылмыс тіркелді. 19 тонна әртүрлі есірткі түрі тәркіленді.5 қылмыстық топ ұсталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.