Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан бағасы қымбаттады

c 16:24, 06/10/2021 c 1365

0:00 / 0:00

Өңірде жоғары және бірінші сұрыпты ас атасының құны 10-20 теңгеге өскен. Дүкендерде нан 160 теңге шамасында сатылуда. Апта басынан басталған қымбатшылық жоғары сұрыпты ұн бағасының өсуімен байланысты дейді жергілікті бөлімнің мамандары. Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімі бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті әлеуметтік дүкендер мен сауда желісіне мониторинг жүргізуді қолға алыпты. Осы мақсатта «Желаев нан» сауда белгісімен танылған «Талецкий» жеке кәсіпкерлігіне барып, бағаны бағамдап қайтты.Қазір қалада 7 наубайхана нан пісіреді. Негізгі нанмен қамтушы - Желаев нан комбинаты бағаны 150 теңгеге көтерген. Ал тасымалдаушылар оған тағы он теңге қосып, дүкендерде жоғары сұрыпты нан 160 теңгеден сатылуда.Алайда қалалық АШ және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жалғас Ғұмаров әлеуметтік тауар болып белгіленген бірінші сұрыпты нан бағасы 80 теңгеден аспайтынын айтып сендірді.
Қаладағы 7 нан өндіруші наубайханада тәулігіне 35 мың бөлкеден астам нан пісіріледі. Оның 22 пайызы, яғни 7000 бөлке нан бірінші сұрыпты ұннан дайындалады. Жалпы келісімге сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 80 теңге болып белгіленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.