Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мыңнан астам адам оңалту орталығында емделген

c 18:07, 22/07/2021 c 1415

Қатерлі індет жер жаһанды жалмап, талай адамның өліміне себепкер болғалы жыл жарымдай уақыт өтті. Осы вирусты жұқтырып, әзер дегенде сырқатынан айыққандар қаншама?! Коронавируспен ауырып, жазылған науқастардың басым көпшілігі оңалту орталықтарында қосымша ем-дом алады. Мәселен, өткен жылы ашылған №1 емхананың жанынан ашылған орталықтан 900-ден астам адам ем қабылдапты.

Елена Бондаренко - ковидтан кейін денсаулығын қалпына келтіру үшін ем-дом қабылдап жатырған жанның бірі. Ол жұқпалы індетті жұқтырыпты. Кейін сырқатынан айыққан кейіпкеріміз денсаулығын қалыпқа келтіру үшін оңалту орталығының көмегіне жүгінген. Бүгінде ол тыныс алуды жақсарту үшін жаттығу жасап, велосипед теуіп, физио ем қабылдап жүр.

Кейіпкеріміз секілді №1 емхананың жанынан ашылған оңалту орталығында 900-ден астам адам тиісті ем-дом қабылдапты. Оңалту орталығына ауруханаға жатып ем қабылдаған және үйден емделген жандар дәрігердің жолдамасымен бара алады. Дәрігерлер індет көбіне адамның өкпесіне зиян келтіретінін айтады.

Десек те, қатерлі індетті жұқтырған науқастардың саны тек артып келеді. Мәселен, бір тәулікте 170 адамнан вирус анықталған. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 12,5 пайызға артқан. Денсаулық сақтау басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда облыс орталығында ковидтен емдейтін 7 стационар жұмыс істейді. Оның толымдылығы 69,4 пайызды құрап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.