Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мың жас студенттер қатарына қабылданды

c 18:13, 29/09/2021 c 1257

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті биыл оқуға түскен жастарды студенттер қатарына қабылдады. Салтанатты кеште Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев пен аталмыш оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов сөз сөйлеп, биыл оқуға түскен жастарды студент атануларымен құттықтады.

Мектеп қабырғасынан енді шығып, армандаған мамандығына оқу түскен жастар үшін студенттер қатарына қабылдау шарасы есте қаларлықтай маңызды сәт. Дәстүр, сапа және жетістікті ұштастырып келе жатырған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мыңнан астам жасты студенттер қатарына қабылдады. Енді арман қуып келген талапкерлер Жәңгір хан университетінің студенті атанды.

Студенттер үшін ұйымдастырылған салтанатты шарада оларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірген жандар көп еді. Басым көпшілігі -іргелі білім ордасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басып, өз орнын тапқан жандар.

Салтанатты кеште сөз алған университет ректоры түрлі додада топ жарып, ҰБТ-да үздік балды қанжығалаған жастарға білім грантын, ал оқытушылар құрамы студенттерге сынақ кітапшасы мен білім кілтін табыстады.
Өз кезегінде студенттер білім алуға, оқуға, университеттің тәртібін сақтауға салтанатты түрде ант берді.

Кеше ғана мектеп бітіріп, арман қуған жастарды сөзге тарттық.

60 жылға жуық тарихы бар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінде 2021-2022 оқу жылында 300-ден аса профессор-оқытушы қызмет етсе, 4000-нан астам студент білім алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.