Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Мықты армия-қауіпсіздік кепілі»

c 19:15, 19/05/2021 c 637

0:00 / 0:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымыен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту мәселесі талқыланды.  Назарбаев  бүгінде асимметриялық және гибридті қатерлерді тойтаруға дайындық, жаңа технологияларды енгізу және әскери процестерді басқаруды автоматтандыру маңызды мәнге ие болып отырғанын мәлімдеді. Шекарамыздағы қауіпсіздікті нығайту қажеттігін айтты.

Қауіпсіздік кеңестің отырысында ел әскерін күшейту мәселесі талқыға салынды.

Пандемияға қарамастан әлем елдері қарулы күштерін нығайтуға қомақты қаржы құйып жатыр. Қазақстан да қарулы күштерді дамыту тұжырымдамасын қабылдауда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайдағы әскери құрылым мен Қарулы Күштердің конфигурациясында жаңа тәсілдерді әзірлеу қажетті туындап отыр деді. Мықты әскер-ел қауіпсіздігі екенін айтты.

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасының жобасында  шекара  қауіпсіздігін қамту мәселесі де бар. Шекараны қауіп-қатерден қорғау күшейтілмек.  Шекара қызметінің жұмысын және шекараны қорғау әдістерін жетілдіру қажет.

Қарулы Күштердің  егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғауға, ұлттық мүдделерді қорғауға қабілетті болуы керек. Ол үшін алдағы он жылда  армияның дамуын қамту керек деді Назарбаев. Қазақстан әскері  асимметриялық және гибридті қатерлерді тойтаруға дайын болғаны жөн. Сондықтан  жаңа технологияларды енгізу және әскери процестерді басқаруды автоматтандыру қолға алынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.