Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Музаға 10 жыл

c 12:00, 12/11/2018 c 904

0:00 / 0:00

БҚО Ақжайық ауданында "Муза" шығармашылық орталығының жұмыс жасап бастағанына 10 жыл толып отыр.Осы он жылдың ішінде орталық талай жасты4 әдебиет әлеміне қанат қағып, өлең жазу дәстүрін меңгеруіне сеп болған. Орталыққа белгілі ақын Сағынтай Бисенғалиев жетекшілік етеді.

Белгілі ақын Сағынтай Бисенғалиевтың есімі Батыс жұрты үшін жақсы таныс. 20 жылдан бері кітапхана саласында жұмыс жасап келе жатқан Сағынтай ақынды жастарды кітап оқуға қалай қызықтырамын деген сұрақ жиі мазалайды. Осындай тынымсыз ойлардың жемісіндей осыдан 10 жыл бұрын осы "Муза" шығармашылық орталығын ашыпты.Орталықты ашу кезінде ақынның алдында екі мақсат болған: біріншісі, көрінбей жүрген талантты жастарды поэзия әлеміне баулып, жарыққа шығару болса екіншісі, жастардың кітап оқуға деген құмарлығын ашу.
Қазір бұл орталық жұмысы жүйеге түскен орталықтардың бірі. Тұрақты оқырмандары бар. Аудандық кітапхананың жанынан ашылған "Муза" шығармашылық орталығы аудандық кітапханаға жастардың көптеп келуіне де сеп болып отырған жайы бар.
Ақжайық аудандық кітапханасы жанынан ашылған "Муза" шығармашылық орталығы жақын күндері өздерінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр.Кітапхана тарихын түгендеп, жастарды кітап оқуға шақырып жүрген ақын Сағынтай Бисенғалиев қазір сол шығармашылық кешке дайындық үстінде. Ақжайық аудандық кітапханасы болса күн санап артып келе жатқан оқырмандарымен мақтанады.
Қазір Ақжайық аудандық кітапханасы заманауи үлгіге көшіп, ғаламтордағы әдебиеттер санын арттыруды жоспарлап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.