Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтың құрылысы қашан аяқталады?

c 17:01, 28/01/2021 c 434

0:00 / 0:00

Оралда мүгедектердің өздігінен өмір сүруіне арналған арнайы орталықтың құрылысы тоқтап тұр. Осыдан үш жыл бұрын іргетасы құйылған әлеуметтік нысан 2019 жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Облыста 24 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін ескерсек, бұл орталыққа зәру жандардың аз емес екенін аңғарамыз. Алайда енді бұл орын да «сақалды» құрылысқа айналып барады.2018 жылдың көктемінде Орал қаласында мүгедектердің өздігінен өмір сүруіне арналған арнайы орталықтың құрылысы басталған болатын. Құны сол кезде 100 млн. теңгеге бағаланған әлеуметтік бейімдеу үйі демеушілердің қаржысына бой көтеруі тиіс еді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Төрт қабырғасы қалқиған ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, ел игілігіне тапсыруға ешкім асығар емес. Өз кезегінде мүгедек жандар аталған нысанның аяқталуын асыға күтіп жүр. Солардың бірі туғанынан мүмкіндігі шектеулі - Досжан Сағынғалиев. 2014 жылы ата-анасынан бөлек кетіп, 2016 жылы отбасын құрған Досжанның ұлы 4 жасқа жақындапты. Досжанның айтуынша, қамқорлыққа ерекше зәру адамдарға арналған үйдің аяқталуы мыңдаған жанның екінші тынысын ашып, ертеңіне ерекше үміт сыйлар еді. Өңірде бұл күні шамамен 24 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 15 мыңдайы жұмысқа жарамдылар қатарында. Ал 2000-нан аса бала ерекше қамқорлыққа зәру. Негізінен ғимарат демеушілердің қаржысына, «Ақжайық» қорының ақшасына салына бастады. Қазіргі кезде мердігер компанияға 62 млн. теңге ғана төленген. Нысанның жалпы құны 200 млн. теңгенің төңірегінде. Екі қабатты бейімдеу үйі 50 адамға арналған. Ғимаратта 12 жатын бөлме болмақ және төрт секцияның әрқайсысында санитарлық торап, тынығу бөлмесі, ас үй орналаспақ. Сонымен қатар, шеберхана салынбақ. Үйдің құрылысы әу баста 2019 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған болатын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.