Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда

c 17:54, 12/11/2019 c 534

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың қыркүйек айында аймақ басшының өкімімен құрылған 20-ға жуық мониторингтық топ қала келбетін жіті бақылауға алып келеді. Қала әкімінің орынбасары Мирас Мулкай бастаған бір топ белсенділер Чуйков көшесін біраз барлап, құрылысқа арналған құмды үйілу күйінде көше бойына қалдырып кеткендерді де назарсыз қалдырмай, үй иелеріне ескертпелер жасалды. Ескертпені ескермегендерге тиісті айыппұл салынбақ. Тұрмыстық қалдықтарды пакетке салып әр жерге тастап кету фактілері азаймай тұр, - деген қала әкімінің орынбасары әзірге шешімін таппай келе жатқан тазалық мәселесі тұрғындар тарапынан қолдаудың жоқтығы себепті жолға қойылмай отырғандығын қынжыла айтты. Бұдан өзге, мониторингтік топ белсенділерінің мұрындық болуымен Восточный көшесіндегі жол бойында біраз уақыттан бері істен шығып, иесіз тұралап қалған көлік құралы эвакуатор көмегімен айыппұл тұрағына тапсырылды. Білгеніміздей, екі апта көлемінде мониторингтік топ назарына іліккен 500 жуық мәселердің дені әкімдіктің жұмыс жоспарында тұр. Енді іске асса деген тілек қана бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.