Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Министр Сұлтанов алдымызға шықсын!»

c 11:08, 15/06/2021 c 587

0:00 / 0:00

Сауда министрі Бақыт Сұлтанов алдымызға шығып, азық-түліктің негізсіз қымбаттап жатқаны жайында түсініктеме берсін деп, бас көтерді елордалық көпбалалы аналар. Бүгін Нұр-Сұлтанда сауда және интеграциялар министрілігі ғимаратына келген әйелдер қауымы министр Сұлтановтың алдарына шығуын талап етті. Оларды құны шарықтап кеткен көкөніс  бағасы алаңдатады. Көпбалалы аналар балаларының күнделікті  тұтынатын тамағы картоп пен макарон өнімдері екенін айтады.

Бір аптадан бері еліміздің барлық аймағында көкөніс бағасы шарықтап кеткені мәлім. Әсіресе республиканың батыс өңірлерінде картоп пен сәбіздің келісінің құны 500 теңгеге жетіп жығылды. Өзге өңірлерде де бағасы 400- бен 300 теңгенің үстінде. Көкөніс базарлары мен ірі сауда орындарындағы баға қымбатшылығы халықтың қалтасын қағып отыр. Картоп  көптеген отбасы үшін күнделікті қолданатын көкөніс түрі. Көпбалалы отбасылары алған жәрдемақымыз тамақтан аспайды. Ал үйдегі 6-7 баланы тамақтандыру үшін картоп басты тағам болып тұр. Ет дегенді мүлдем ұмытқанбыз дейді.  Бүгін елордалық көпбалалы аналар сауда министрлігіне келіп, министр бақыт Сұлтановтың алдарына шығуын талап етті.

Аналардың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын сауда министрлігі құрылып, бұл ведомствоға Сұлтанов келгелі елде азық-түлік бағасы шарықтады. Баға тұрақтылығын бақылайтын министрлік өз міндетін атқара алмай отыр.Соңғы бес жылда елде азық-түлік бағасы 45 пайызға қымбаттаса, бір жылда 13 процентке өскен.  Алайда, Сұлтанов төбе көрсетпеді.  Аналардың шағымын тыңдауға министрліктің төменгі шенділері шықты.

Әлемдік ахуалға тәуелдіміз, көкөністің сырттан келген бағасы қымбат болғасын осылай болды деп ақталған сауда министрлігі өкілінің жауабы аналарды қанағаттандырмады. Олар өз жерімізде қажетті көкөністі өсіріп, өз нарығымызды толық қамтуды қашан қолға аламыз деген сұрақтарына жауап ала алмай кетті. Жалпы елімізде көкөніс сақтау тапшылығы 71 пайызды құрап отыр. Енді 2022 жылы 24 орталық салынып, көкөністі сақтап ғана қоймай, оны тарататын болады. Бұл орталықтар арқылы 5 млн тонна агроөнім өтеді деген таудай уәде мен жоспар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.