Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МІНДЕТТІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ АТА ЗАҢҒА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙДІ»

c 10:18, 09/07/2021 c 677

0:00 / 0:00

Әділет министрлігі COVID-19-ға қарсы міндетті вакциналау Ата заңға қайшы келмейді деп мәлімдеп отыр. Министрліктің мәліметінше, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін Денсаулық туралы кодексте профилактикалық екпелер егу шарасы көзделген. Бұл   Кодекстің 85-бабы 4 және 8-тармақтарына көрсетілген. Олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл үкіметтің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысында айтылған. Сондықтан міндетті екпе жасатуға қатысты қазақстандықтардың құқығы тапталып жатқан жоқ дейді  әділет вице-министрі Наталья Пан мәлімдеді.

Қауіпті ковид инфекциясының таралуына байланыста елде оған қарсы екпе салдыру науқаны жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған вакцина салдыру барысы өте баяу жүрді. Себебі халық вакцинаға сенбейді. Әу баста Үкімет екпе салдыруға міндеттеу жоқ, әркім өз денсаулығы жауапты деген болатын. Алайда, Қазақстан індеттің таралуы бойныша «қызыл аймақтан» шықпай қойды. Соңғы айда елде эпид жағдай қайта өршіді. Оған қоса ковидтің үнді штамы таралып жатыр. Осыған орай билік вакцина салдыруды міндеттеп қойды. Енді барлық жұмыс орындарында вакцина салдырмаған қызметкерлер апта сайын ПТР тест  тапсырып отыруы керек. Бұл қалтаны қағатыны сөзсіз. Азаматтар жұмысынан айырылып қалмауы үшін  амалсыздан екпе салдыруға мәжбүр. Халық арасында бұл Ата заңға қайшы, құқығымыз тапталып жатыр деген пікір тарауда.

Алайда, әділет вице-министрінің айтуынша,  Халық Денсаулығы туралы кодексте көрсетілгендей медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ,  жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті. Олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл орайда  Қазақстанның Конституциясында міндетті вакцинациялауға қайшы келетін норма жоқ деп отыр.

НАТАЛЬЯ ПАН- ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ -«Халық денсаулығы туралы кодексте міндетті екпе жасату қарастырылған. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қажет. Сондықтан қазірге ковидке қарсы вакцина салдыру науқаны заңға қайшы келмейді».

Осылайша, әділет министрлігі COVID-19-ға қарсы міндетті вакциналаудың құқықтық негіздері бар және бұл «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген Конституцияның 31-бабына сәйкес келеді» деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.