Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Міндетті вакцина

c 11:00, 17/06/2020 c 803

0:00 / 0:00

Қазақстанда міндетті вакцина жасауды енгізу мәселесі онлайн жиында талқыланды. Балаларға міндетті екпе жасауды қарастырған Денсаулық сақату кодексін Парламент Мәжілісі мақұлдады. Айта кетейік, екпе жасауға міндетету мәселесі қоғамда дау тудырып отыр. Бұған қазақстандықтардың бәрі бірдей келісіп отырған жоқ. Ұжымдық иммунитеттің деңгейіне қарай балаларды балабақшаға жіберуге рұқсат беру нормасы қарастырылған. Бүгін  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты онлайн кездесу өткен еді.

Бұған дейін де хабарланғандай, міндетті екпе жасату мәселесін қамтыған халық денсаулығы туралы кодекс аясыеда даулы мәселе көп. Онлайн жиында сапасыз вакцинаның салдарынан зардап шеккен балалардың мәселесі айтылды. Мемлекеттік сатып алулар барысындағы әділетсіздіктер, екпені дұрыс тасымалдамау, екпеден бас тартып жатқанжар санының көптігі талқыланды. Екпеге қарсылық білідіріп жатқандардың пікірінше, міндетті вакцина Ата заңның бірқатар нормаларына сондай-ақ, халықаралық құқықтық актілерге қайшы келеді. Онымен қоса, бұл екпелер инфекциядан жүз пайыз қорғайды деген кепілдік жоқ. Жиын барысында қоғамдық даму министрі қарсы пікірілер вакцинаның өзіне емес, сапасына қатысты болып отыр деді.

Аида Балаева –ҚР ақпарат және қоғмадық даму министрі; «Қарсы пікірлердің көпшілігі вакцинацияның өзіне емес, оның сапасына қарсы. Дәл осы орайда жаңа кодекс аталған ерекшеліктердің бәрін ескеріп, жауапкершіліктің, оның ішінде сапасыз вакцинация үшін де нақты тетіктерін енгізеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл мәселеде барынша сындарлы саясат қажет. Оның сәтті жүзеге асырылуына сіз бен біздің денсаулығымыз ғана емес, сонымен бірге балаларымыз бен немерелеріміздің де аман-есендігі байланысты. Шындығына келгенде, болашақ денсаулық кепілі де осы. Сондықтан, біз үшін түрлі пікірлерді және осы мәселеге қатысты сарапшылардың пікірін есту маңызды»

Ақ халатты жандардың айтуынша, әлемді қауіпті індет коронавирус жайлап жатқанда екпеге қарсылық білдірудің өзі қорқынышты . Екпе жасалмаған балалардан қауіп көп. Олар басқаларға жұқтырады.Әзірге Парламент қабырғасында талқыланып жатқан кодексте топта  егілген балалар саны 95 пайызды құраған жағдайда екпе жасалмаған балаларды балабақшаға  жіберуге болады делінген.

Надежда Петухова еуразиялық медицина қауымдастығының төрағасы; «Менің айтпағым, вакцина жасай отыра сіз тек балаңызды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғайсыз. Соны түсіну керек»

Онлайн кездесуде дәрі-дәрмекті сараптау орталығының басшысы  Арнұр Нұртаев вакцинация жасау үшін құрамына түрлі стабилизаторлар, инактиваторлар мен вирустарды қажет ететін өте күрделі биологиялық реакция қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бұл вирусты инактивациялау үшін пайдаланылады.

Арнұр Нұртаев – ҚР ДСМ «дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сараптау» ҰО бас директоры; «Вакцинадағы ізі бар формальдегидтер мөлшерінің аздығы сонша, сіз оны вакцинадан гөрі су немесе азық-түлік арқылы көптеп қабылдайсыз. Түрлі зерттеулер жүргізілмейді деген қате түсінік бар, зерттеу жиі жүргізіледі. Қазақстандағы зертхана еуропалық сапа стандартына сай келеді. Вакцина сапасы Еуропада қалай тексерілсе, бізде де дәл солай тексеріледі».

Екпеге қарсылық білдірушілердің айтуынша, бұл вакцина сатып баюды көздеген лоббистердің  пайдасына жасалуда. Жыл сайын Қазақстанда вакцина сатып алуға 27 млрд теңге бөлінеді. Бұл дегеніміз 70 млн доллар.

Светлана Фортуна – актриса; «Мен ана ретінде түсінгенім, вакцина дегеніміз организмге тарайды да, ауруды жеңіл түрде қоздырады. Менің айтпағым, менің балама 21 аурумен күресудің керегі қанша? Бұл дегеніміз 18 айдағы 11 инфекция. Екпе тәртібі бойынша осылай. Бала 1,5 жасқа дейінгі даму барысында осы екпелерді көтеруі керек.Бір ғана иньекцияда 3-4 инфекция болады. Яғни тірі екпені егіп баланы жеңіл түрде болса да ауыртамыз.Сөйте тұра ол балбақшаға барады. Ал инфекцияланбаған, вакцинаны алмаған бала бақшаға баруға құқылы емес.Бұл дұрыс емес.»

Ал денсаулық сақтау министрлігі  екпеге жұмсалып жатқан ақша көлемі  емдеуге кеткен қаражаттан он есе аз деген мәліметті ұсынады. Сарапшылар болса міндетті екпені енгізе отырып,  жемқорлыққа жол береміз. Адамдар қажет болған жағдайда  «екпе жасалған» деген  анықтама сатып алуға көшеді.  Осылайша, қанша адамның екпе жасатқаны жайында шынайы ақпараттың болуы екіталай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.