Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мезі еткен кезек

c 16:08, 02/04/2019 c 991

0:00 / 0:00

Оралдағы Қазпоштаның №5 филиаланың қызмет сапасы тұрғындардың көңілін көншітпейді. Қалалықтар коммуналдық төлемдер үшін сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Өйткені не бары 3 касса алдында ондаған халық сағаттап тұрады. Қазпоштаға кірген адам екі сағатсыз шықпайды. Тізілген мына клиенттер кіруін кіріп, енді жіпсіз байланып отыр. Төлем жасау үшін таңертеңгі сағат 10 - нан бастап түске дейін әлі кезекте екен. Көбі зейнеткер.  Оның үстіне қызмет көрсету сапасы да көңілден шықпайды дейді, тұтынушылар. Мәселе ушығып кеткен соң, мекемедегі бөлім басшысының өзі келді. Мән-жайды мүдірместен түсіндірді.
Әсіресе, айдың басында зейнеткерлер зейнетақысын алуға келетіндіктен. Бұл мәселе оларға таңсық емес. Сонымен қатар, интерент желісі арқылы тапсырыс берушілерге қызмет кезексіз көрсетіледі екен. Жуырда мәселенің шешімін табу үшін арнайы супермаркеттер ашу жоспарда көрінеді. Басшылық атап өткендей казпошта супермаркеті кезек мәселесінің оң шешімі болғай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.