Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мерекелік шырша

c 17:52, 19/12/2019 c 588

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаңа жылдық кештер өз жалғасын табуда. Мерекелік шараны қалалық әкімдік пен төрт қоғамдық бірлестік ұйымдастырған болатын.

Орал қаласында әлеуметтік қорғауға алынған бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шырша өтті. Биыл да сала мамандары жылдағы дәстүрден жаңылмай, мерекені көптен күткен бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру үшін барын салыпты. Мерекелік кешті қалалық әкімдік, төрт қоғамдық бірлестік пен демеушілер
ұйымдастырған.

Мерекелік кешке қатысқан барлық қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Баласын жетектеп келген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдіруде.

Мерекелік кеш барысында балалар ертегі әлемінің кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында жаңа жылдық шыршаға қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.