Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мерекелік шаралар онлайн форматта өтеді

c 17:28, 22/02/2021 c 382

«Қазгидромет» орталығының болжамына сәйкес ақпан, наурыз, сәуір айларында өңірде жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Мұндай болжам қауіпті гидрметериологиялық құбылыс нышаны ретінде алдын ала сақтануды талап етеді. Қысқы жауын-шашын салдарынан қар астындағы тоң қалыңдаған.  Осы орайда төтеншеліктер су тасқыны болу қаупі туралы ескертті.Облыс әкімі Ғали Есқалиев табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысына барлық гидротехниканың сапасын тексеруді, төтенше жағдай департаменті мәліметіне сәйкес, аудан әкімдеріне қазіргі жай-күйі нашар деп көрсетілген гидротехникалық нысандарды бақылауға алатын жауапты қызметкерлерді бекітуді тапсырды. Одан әрі жиында алдағы көктем мерекесін эпидемиологиялық ахуалға орай  қандай жағдайда тойланатыны туралы  мәлімдеме жасалды. Өздеріңізге мәлім  Еліміздің батыс аймағы наурыз айының белортасынан басталатын көрісу салтына айрықша ден қояды. Бірақ биылғы қауышу өзгеше болатын шығар. Себебі құзіретті мекемелер санитарлық талаптарды сақтауды ұсынып жатыр екен. Селекторлық режим арқылы өткен жиында облыс әкімі Ғали Есқалиевқа Наурыз айында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын таныстырған мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов министрлік тарапынан пайданмеияға байланысты нақты нұсқау күтіп отырғанын баса айтты. 14 наурыз – «Көрісу айт» мерекесіне орай әр мекемеде, оқу орындарында ұлттық нақыштағы киімдер киіп, санитарлық талаптарды сақтай отырып іс-шараларды өткізуді ұсынуда. Мәдениет және спорт министрлігі 14-23 наурыз күндері аралығында «Наурыз шуағы»  мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама дайындалған. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиналыста бұл құжат қайта өнделуге жіберілген. Сол құжатқа сәйкес басқарма тарапынан дайындалған Наурыз мерекесінің іс-шаралар жоспарында өзгерістер болуы мүмкін. 21 наурыз күні облыс бойынша жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.