Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының әкімдігі мерекелік отырыстан бас тартты

c 15:54, 26/12/2018 c 703

0:00 / 0:00

Оның орынына әкімдік қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн деп тапқан. Қайырылымдылық шарасына 70-шақты балақай қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің қоғамда өз орынын тауып, олардың ем-домына көмектесіп жүрген "Бәйтерек" қоғамдық қорында 75 бүлдіршін бар. Олардың дені күрделі кеселге шалдыққан. Бүлдіршіндер әрбір мерекені асыға күтеді. Десек те, жаңа жылдың алатын орыны ерекше.

Қам көңіл жандарға арналған мерекеге ат салысу үшін келген меймандардың қарасы қалың. Жаңа жылдық кешті ұйымдастырудан бас тартқан қалалық әкімдіктің қызметкерлері шаһар басшысының құттықтауы мен тәтті сыйын ала келді.

Қоғамдық қордың өкілдері бүлдіршіндерге арналған мерекелік сценарийі дайындапты. Бірақ, бүгінгі кеште балалар мен олардың ата-аналары дайындаған мерекелік нөмірлерге басымдық берілмек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.