Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңі аяқталды

c 17:03, 25/06/2021 c 818

0:00 / 0:00

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық Хайреденовтар жанұясы топ жарды. Байқаудың қалалық кезеңіне 20-дан астам отбасыдан өтініш келіп түскен. Сайыстың шарттарынан сүрінбей өткен отбасылар алғыс хат пен түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыс орталығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқауға қатысуға ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп, елдің дамуы үшін де бел жазбай еңбек етіп жүрген отбасылар өтініш білдірген.

Былтыр шектеу шараларының кесірінен жыл сайын ұйымдастырылатын ұлттық байқау оздырылмағаны рас. Сайыстың мақсаты- отбасы институтын насихаттау.

Сыннан сүрінбей өткен жанұяларды марапаттауға арналған шарада өңірдің өнерпаздары ән шырқап, мың бұрала биледі.
"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысқан Қаленовтар жанұясы үшінші орынды қанжығалады. Жеңіс тұғырынан көрінген отбасы бүгінде 6 бала тәрбиелеп, спортты жандарына серік қылған.

"Мерейлі отбасы-2021" қалалық байқауының бас жүлдесіне Хайреденовтар әулеті лайықты деп танылды .

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңінде топ жарған Хайреденовтар мен жарыстың бірінші орын иегері атанған Арыстановтар жанұясы сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.