Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мерейлі отбасы" бауқауының облыстық кезеңінде Қарсақовтар жанұясы жеңімпаз атанды

c 17:09, 24/05/2019 c 1209

0:00 / 0:00

БҚО - да "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Қазталовтық Қарсаковтар әулеті жеңімпаз атанды. Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын республикалық байқау биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Аталмыш байқауға 48 отбасы қатысуға ниет білдіріпті. Ауыл, аудан мен қалалық кезеңнен сүрінбей өткен жанұялар облыс біріншілігіне жолдама алған.

"Мерейлі отбасы" байқауы осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Еліміздің барлық дерлік елді-мекен, аудан мен қалаларда республикалық байқауға іріктеу жұмыстары жүріп, үздіктер анықталды. Ақ жайық өлкесінде ұйымдастырылған "Мерейлі отбасы" байқауына қатысу үшін 48 жанұя өтініш білдірген. Олардың 13-ші сайыстан сүрінбей облыстық кезеңге жолдама алыпты.

"Мерейлі отбасының" облыстық кезеңінде Қазталовтық Карсаковтар әулеті жеңімпаз деп танылды. Сайыстан сүрінбей өткен жанұя көп балалы, бүгінде 5 перзентті тәрбиелеп отыр. Отбасында қазақы дәстүр сақталып, балалардың дамуына ерекше көңіл бөлінетін көрінеді. Әулеттің тұңғышы отбасына деген махабатын өлең жолдары арқылы білдірді.

Облыстық кезеңде жеңіске жеткен Карсаковтар әулеті "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының республикалық кезеңінде өңір намысын қорғамақ. Отбасылық құндылықтар насихатталатын сайыс қыркүйектің тоғызы Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.