Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Менің аулам – менің бағым»

c 17:15, 17/02/2021 c 455

Биылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаш көшеттерін тегін беру ұсынысы енгізілді. «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер мен толықтыру енгізіліп, бұдан былай көшет, бұталарды, тұқымдарды және өсімдіктерді сатып алуға да мемлекеттік гранттар берілетін болды.БҚО әкімдігінің бастамасымен «Еңбек» бағдарламасына сәйкес атқарылған жұмыстарды сараптап қарағанда, өкінішке қарай, өткен жылдары грант алғандардың ішінде тек 15-20 пайызы ғана өз кәсібін жүргізіп, тұрақты табыс көзін тапқан. Бұл орайда бау-бақша өсірудің пайдасы мол. Өйткені жеміс-жидектерге, сондай-ақ одан өндірілген джем, тосап, кептірілген жеміс сияқты өнімдерге нарықта сұраныс мол. Егер жеткілікті өндірілген жағдайда шеттен келетін өнімдердің орнын басып, тіпті ығыстырып шығара алар еді. Оның үстіне экологиялық жағынан табиғи таза өнімнің сапасы да жоғары болатыны түсінікті. Қазіргі таңда осы жергілікті өнімдерге кеңінен жол ашу үшін мемлекеттік тапсырыс беру жолдары қарастырылуда.Осы орайда өңірде тұрғындарға ақыл-кеңес беріп, жол көрсететін бағбандар аз емес. Соның бірі - оралдық Қайрат Кәрімов. Бау-бақша иелері алысқа бармай-ақ, осындай білікті бағбаннан ағаш көшеттерін, өсімдік тұқымдарын сатып алар еді. Атақты ғалым-селекционер Иван Мичуриннің шәкірті Сергей Исаевтың ісін жалғастырған Қайрат Кәрімов сегіз жылдан астам уақыттан бері Орал қаласы маңындағы аумағы 5 гектар бұрынғы алма бағы алқабында бау-бақша өсірумен айналысып келеді. Бүгінде С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық питомник-бақтың даңқы Ресей ғана емес, басқа да шет елдерге жеткен. «Мұнда алманың 200, жүзімнің 175 түрі өсіріледі.Сала мамандары бастама сәтті жүзеге асар болса, көптеген мәселенің шешемін алматабады дейді.Бақ жақсы бапталса, ол иесіне жыл сайын тұрақты өніммен бірге кіріске қол жеткізуге және болашақта 3-8 млн теңге көлемінде жеңілдікпен шағын несие алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ауылдық жерлерде мыңдаған отбасы өз үйлерінің ауласынан бақша өсіріп, табыс таба алады. Ол үшін аулада 20 - 50 шаршы метр жер телімі болса жеткілікті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.