Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы олқылықтар

c 17:39, 10/03/2020 c 398

0:00 / 0:00

БҚО-да мемлекеттік сатып алу саласында 138 қылмыс тіркелген. Сала мамандары тіркелген қылмыстың 38 ашылғандығын айтады. Келген шығынның мөлшері 558,2 млн. теңгені құрапты.

Өткен жылы республикалық бюджет 12 трлн. теңгеден асып жығылды. Осы қаражаттың 70 пайызынан астамы мемлекеттік сатып алу саласы арқылы бөлініп, ел тұрғындарының мұқтажына жұмсалды. Аталмыш қыруар қаржыны бөлу мен тендер арқылы жұмсауда көп қылмыс тіркеледі. Өткен жылы осы салада 138 қылмыс анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс саласының өкілдері олардың 29  ашылғандығын айтады.

Тендер арқылы берілетін млрд.-тарды бөлу ісінде де көптеген қылмыс тіркеледі. Тапсырыс беруші атқарылған жұмысты орындағаны үшін пара алса, енді бірі мемлекеттің қаржысын талан-таражға ұшыратып, қалтаға басады. Осындай қылмыстардың санын азайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Сатып алудың бірыңғай терезесін» ашқан. Оның нәтижесі бойынша мынандай топ-ондық жасақталыпты.

Сала мамандарының келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылға арналған бюджетін тиімсіз жоспарлаудың алғы шебінде облыстық білім басқармасы көзге түскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.