Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу

c 16:53, 29/04/2020 c 401

Өткен жылы БҚО-да 220 млрд. теңге мемлекеттік сатып алу бойынша жұмсалды. Қыруар қаржының есебінен үй салынып, жол жөнделіп, халықтың мұң-мұқтажына қажетті тауарлар мен қызметтер көрсетілді. Десек те, азаматтардың салығынан құралған мемлекеттің қаржысын, өзінің иелігіндегі ақша деп санап, бармақ басты, көз тыстыға барып, үкіметтің ақшасын жымқырып, қалтаға баспақ болғандар бар. Бүгінде қылмыскерлердің іс-әрекетінен облыстың бюджетіне 500 млн. теңгедей шығын келгені анықталып отыр.

Барлығы ашық әрі бұқараға жария ретінде ұйымдастыру үшін барлық мемлекеттік сатып алу процесі арнайы порталда өтеді. Бірақ осы порталды пайдалану барысында қасақана немесе білместіктен қателіктер жасап, күдікке ілініп жатқаны бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары мен "Атамекен"ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алудың ортақ терезесін жасақтады.

Үш айдың ішінде мемлекеттік порталды жіті бақылаудың арқасында бюджеттің 30 млн. теңгесі үнемделіпті. Жұмыс жасап, ел үшін еңбектеніп жатқан азаматтардың салығынан құралған қаржының діттеген жеріне жету үшін мемлекеттің тендерге берген ақшасы ішкі мемлекеттік аудит басқармасы да тексеріп отырады. Сала мамандары өткен жылы 119 563 мемлекеттік сатып алу ісін камералды тексеріпті. Оның соммасы 305, 9 млрд теңгені құрайды. Сала мамандарының жіті тексерісінің арқасында заңнамаға қайшы келіп, тендер талабына сай емес 314 келісімнің күшін жойыпты.

2019 жылы мемлекеттік сатып алу саласында қателіктер жіберген тұлғаларға қатысты облыстық ішкі мемлекеттік аудит басқармасы 500-ге жуық іс әкімшілік іс қозғапты. Сала мамандары тендер ұйымдастыруда мынандай қателіктер жиі кездесетіндігін атап берді.

Тендерге қатысқысы келіп, бірақ белгілі бір конкурстан өте алмайтын кәсіпкерлер осы аудит басқармасына шағымданады.  Мамандар тексеріс жүргізіп, олқылық болса түзетіп жатады. Бірақ ұтқан тендеріне ұқыпсыз қарап, келісімде көрсетілген талаптарды орындамай, орындаса да жұмысы көңілді көншітпейтін мердігерлер бар. Былтыр облыстық мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты 1016 істі қарапты. Өткен 2018 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Судьялар бұны былай деп түсіндіреді.

Қош, мемлекеттік сатып алудағы олқылықтарды түгендеп болсақ, биыл облыстың атқамінерлері қанша қаражатты мемлекеттік сатып алуға жұмсап, арнайы портал арқылы ұйымдастырып жатқан тендерлерін шолып шықсақ.  Мәселен, биыл облыстық полиция департаменті 20 млн теңгеден астам қаржыға 4 стационарлы полиция бекетін сатып алмақшы. Әрбір бекеттің құны 4 млн теңгеден астам. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Салауатты өмір салтын насихаттау және қауіп-қатер факторлары мен аурулардың алдын алу үшін 2020 жылға арналған қызмет үшін 71 млн теңгеден астам қаражат бөліп отыр. Қыруар қаржының 2 млннан астамы ақпараттық материлдарды дайындау мен БАҚ-та орналастыру үшін жұмсамақ. Ал, қалған қаржы семинар, конференция, форум, конкурс, спорттық шараларды ұйымдастыруға арналған.  Спорт басқармасы жеңімпаздарды марапаттауға арналған медаль мен кубоктарды сатып алды. Ведомство өкілдері  2500 медаль үшін  1 625 000 мың теңгеге сатып алыпты. Осы секілді, әрбір елдің дамуына арналған қаражаттың қалай әрі қанша соммада бөлініп, конкурстардың қалай өтіп жатқандығын әрбір қазақстандық бақылай алады. Ол үшін мемлекеттік сатып алу порталына кіріп, қызықтырған саланың қандай қызметті қанша соммаға сатып алып отырғанын көруге болады. Ендеше, мемлекеттің ақшасын талан-таражға ұшыратпау үшін өзіміз жұмыстанып, қылмыскерлердің жолын кесейік.

Сурет ғаламтордан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.