Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдаудың шарапаты

c 18:12, 29/09/2021 c 1481

0:00 / 0:00

"Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры мемлекеттің қолдаудың арқасында бизнесін дамытып, оны дөңгелентіп отырған кәсіпорындарға арнайы пресс-тур ұйымдастырды. Тур барысында Теректі ауданына қарасты Пойма ауылында орналасқан май зауыты, облыс орталығында жұмыс істейтін "Юнисерв медикал центр" мекемесі мен "Сәби" бала-бақшасының қызметі таныстырылды. Үш мекеме де мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнесті дамыту үшін еңбектенуде.

Мемлекет кәсіп ашып, оны дөңгелентем деген жандарды қолдауға мүдделі. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің көбі "Бизнестің жол картасы 2025" пен "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының арқасында жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтуде. Бизнес субъектілеріне "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры көмекке келеді.

"Даму" қорының көмегімен "Пойма май зауыты" жаңа цех салуда. Жаңа цех өсімдік майын толықтай тазартып, рафинаттауға көмектеседі. Бұл өнімнің сапасы мен санын арттыруға қолғабыс қылмақ. Зауыт "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 2 млрд. теңгеге несие рәсімдейді. Бағдарлама мен қордың арқасында несиенің 6 пайызы субсидияланады.

"Даму" қорының көмегімен "Юнисерв медикал клиникасы" орталыққа қажет барлық дерлік құрал-жабдықтарын сатып алған. Медициналық орталық 2019 жылы екі бөліммен қызметін бастады. Бүгінде осы орталықта офтальмологиялық, стамотологиялық, амбулаторлы-емханалық қызмет жұмыс жасайды. Дәрігерлер жаңа технологияның арқасында күніне 5-6 адамның жанарына ота жасап, тіс емдеп, саулығын тексертуге келген азаматтардан түрлі анализ алып, асқан дәлдікпен сараптама жасай алады. "Юнисерв медикал клиникасы" соңғы үш жылда "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы арқылы мемлекеттің қолдауына ие болды.

Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген бизнес субъектісінің бірі-"Батыс Сәби" балабақшасы. Компания 2016 жылдан бері мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейді. Балабақша 150 орынға арналған. Бүгінгі таңда 100 бүлдіршінді қабылдап үлгерген.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мемлекеттік қолдаумен "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасының арқасында 14 пайызбен 190 млн. теңге алған. Ал мемлекет оның 8 пайызын субсидиялайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.