Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекет қарызын өтеуге жылда 900 млрд теңге бөлінеді

c 18:44, 17/03/2021 c 627

0:00 / 0:00

Мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуге бюджеттен жыл сайын 900 млрд теңге бөлінеді. Қазір Қазақстанның  борышы жалпы ішкі өнімнің 30% құрайды. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев онлайн баспасөз маслихаты барысында айтты.

Бұған дейін қаржы министрлігі Қазақстанның сыртқы қарызы 20 триллион теңгеден асып түседі деп хабарлағанды. Еліміздің бас экономисті Әсет Ерғалиев мемлекеттің борышы жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын құрайды деп сүйіншілеп отыр. Ал осы қарызды өтеу үшін ел қазынасынан жылда 900 млрд теңге бөлінеді.

Әсет Ерғалиев – ҚР ұлттық экономика министрі - «Бүгінде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ге қатысты шамамен 30%-ды құрайды. Басқа елдермен, Еуроодақпен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі 80%-ға жуық, дамыған  елдерде орташа алғанда – 100%-ға жуық. Мемлекеттік қарыз бойынша қызмет көрсету үшін жыл сайын 900 млрд теңге бөлінеді».

Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы  бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленуге жатпайды, өйткені сыртқы борыштың шамамен 80%-ы мемлекет те, қарапайым азаматтар да жауап бермейтін жеке ұйымдардың міндеттемелеріне тиесілі деп хабарлағанды.  Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет тапшылығы  да көбейіп, 2,2 триллион теңгені құрап отыр.  Бюджет тапшылығын жабу үшін сыртқы нарықтан тағы да қарыз алуға тура келіп отыр дегенді. Ал өз кезегінде стратегиялық жоспарлау агенттігі ұлттық компаниялардың акцияларын сату үрдісі қайта жанданатынын айтты.

Қайрат Келімбетов – ҚР стратегиялық жоспарлау мен реформалау агенттігінің төрағасы «Меніңше мұнайдың бағасы баррелі 65 доллар болса, онда бұл процесс тездетіп жүзеге асады. Әзірге бұл 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Биылдың өзінде Қазақстанның кейбір жеке компаниялары акцияларын Астана халықаралық орталығының биржасы алаңында орналастыруды жалғастырады деп күтілуде».

Қазір Үкіметте қазақстандық ұлттық компанияларды жекешелендіру және IPO-ға шығуын жеделдету мәселесі талқылануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.