Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕПТЕР КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛА МА?»

c 11:14, 14/09/2021 c 456

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылы басталмай жатып, мектептерде сыныптар карантинге жабылып жатыр. Өздеріңізге мәлім, бүгінде балаларға ковидке қарсы екпе салынбайды. Тек 18 жастан асқан ересектер ғана вакцина алып жатыр. Дегенмен, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  жыл соңына қарай елге Pfizer вакцинасы жеткізілген соң,  12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге қауіпті індетке қарсы екпе салынады деп мәлімдегенді. Тек бұл ата-ананың рұқсатымен жасалады деді министр. Ал жақында әлеуметтік желіде Қызылорда облысында мектептерде оқушыларға екпе салдыру үшін сауалнама жүргізіліп жатыр деген ақпарат тарап, қоғамда шу тудырғанды. Алайда, бұл фейк ақпарат дейді мамандар.

Жаңа оқу жылы басталғалы, бала денсаулығына алаңдаған ата-аналар әлеуметтік желіде тараған әр ақпаратты қалт жібермей, ақиқаты қайсы екенін анықтай алмай әлек болып жатыр. Оқушылар дәстүрлі түрде мектепке барады дегеннен-ақ, өңірлерде бұған қарсылық білдірген ата-аналар наразылық акцияларын да өткізді. Дегенмен, балалардың оффлайн оқығанын құптайтын ата-ана саны басым. Өкінішке орай, фейк ақпараттар легі де көбейді. Қызылорда облысында оқушыларға екпе салдыру үшін сауланама жүргізіліп жатыр деген ақпарат әлеуметтік желіде тез тарады. Алайда мамандар бұны фейк деп отыр. Ал Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды баяндаған әкімнің орынбасары әзірге балаларға екпе салу мәселесі күн тәртібінде жоқ дейді.

БАТЫРЖАН БАЙЖҰМАНОВ – АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ -«Балаларға вакцина салу  әлі шешілмеген мәселе. Бізде ата-аналармен екпе салуға қатысты ешқандай сауалнама жүргізіліген жоқ. Қызылордада орын алған жағдай фейк сияқты. Себебі, оқушыларға вакцина салдырамыз деп жатса, бүкіл республика бойынша жұмыс жүргізілетін еді ғой. Әзірге балаларға вакцина салдыру мәселесі күн тәртібінде жоқ».

Осылайша екіойлы болып, балаларымызды мектепке жібергеніне екі апта өтпей жатып, ендігі сыныптар карантинге жабылып жатыр. Бір сыныпта бір оқушыда ковид анықталса, бірден сол сынып карантинге жабылатыны мәлім. Алматы облысында қазір 2800 оқушы карантинге кетті.

БАТЫРЖАН БАЙЖҰМАНОВ – АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ -«Бүгінде облыста 244 сынып екі апталық карантинге жабылды. Бұл 2800 оқушы. Жалпы айтатын болсақ, бізде 22 мың 400 сынып бар. 442 мың бала оқып жатыр. Соның бір пайызы ғана карантинде. 209 оқушы, 47 педагог коронавирус жұқтырды».

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  жыл соңына қарай елге Pfizer вакцинасы жеткізілген соң,  12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге қауіпті індетке қарсы екпе салынады деп мәлімдегенді. Тек бұл ата-ананың рұқсатымен жасалады деді министр. Бүгінде елімізде 2 миллион бала бар. Ал екпе салдырудан бас тартқан оқушы мектепке бара ала ма? Ол сұрақ әзірге ашық күйінде қалып отыр.  Дәрігерлер болса, коронавирустың бетін қайтарудың бір жолы-вакцина екенін талмай айтуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.