Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕГІ ҚАН ТӨГІС

c 10:12, 14/02/2023 c 126

0:00 / 0:00

Дүйсенбінің таңында Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде сұмдық жағдай орын алды деген ақпар тарады. Петропавл қаласының білім басқармасының хабарлауынша, 4 мектепте 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі оқушы балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Петропавл қаласының №4 мектебінде қан төгіс болды. Мектепке балта мен пышақ алып кірген 9-сынып оқушысы ұсталды. Ол суық қарумен үш оқушыны жарақаттады. Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, оқушы мектепке балта мен пышақты сөмкесіне жасырып әкелген.

Мектеп оқушыларына шабуыл жасаған 9-ы сынып оқушысы ұсталды. Полиция «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті. Білім басқармасы өкілінің айтуынша, мектепке келгенде ешкім оқушының сөмкесін тексере алмайды, құқы жоқ. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуыл жасаған оқушы дәретханаға кіріп, бетінге маска киіп, одан қаруланып шыққан. Зардап шеккендер 9-шы және 10-сынып оқушылары. Екі ұл және бір қыз бала. Басы мен білегінен жарақат алған олардың екеуі балалар ауруханасына жеткізілді. Үшінші зардап шеккен оқушыға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Петропавл мектебінде орын алған сұмдық жағдайдан соң Оқу-ағарту министрлігі бірден комиссия құрды және облыстармен қалалардың білім басқармаларына еліміздегі барлық мектептердегі қауіпсіздік шараларына тексеруді тапсырды. Ал Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, мектеп оқушыларына балтамен және пышақпен тап берген кәмелетке толмаған бозбала бұрын психиатриялық есепте тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.