Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектепке жол акциясы басталды

c 10:32, 01/08/2018 c 660

0:00 / 0:00

"Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету". Осындай ұранмен «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Оныншы жыл қатарынан өткізіліп жатқан іс-шара барысында тұрмысы төмен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндеріне көмек көрсетіледі.

Оралда 3000-ға жуық бала көмекке мұқтаж. Шараның діттегені белгілі: аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына әзірлеу. Яғни оқуға қажет құрал-жабдық, киім-кешекпен қамтамасыз ету. Өткен оқу жылында 5000-ға жуық оқушыға 58 млн. теңгеге көмек көрсетілген.

Әрине, іс-шара барысында балғындардың қажеттілігін толықтай қамтамасыз ету мүмкін емес. Алайда мұндай іс ата-анаға түскен ауыртпалықты сәл де болса жеңілдетері анық,- дейді сала мамандары. Сонымен қатар биыл білім алушыларды оқулықпен қамту мақсатында қазынадын 1 млд. аса қаражы қарастырылыпты. Яғни кітап жетіспеушілігі мәселесіне нүкте қойылған.

Айта кеткен жөн, барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, іскер азаматтар, белсенді топтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, қалалық білім бөлімдері, мектеп басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атсалысуға шақырылып отырған шараға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін алдағы екі ай көлемінде 50-38-79 сенім телефоны жұмыс істейтін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.