Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектепке қосымша ғимарат берілді

c 16:17, 03/09/2021 c 723

Орал қаласындағы нөмірі 20 ЖББОМ-ке қосымша ғимарат берілді. Жаңа оқу жылында 1000-аса оқушы бұрынғы санаториялық мектеп ғимаратында оқитын болды. Мектеп ұжымы білім ошағы табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді 6 сыныпқа бөліп қабылдап отыр.  Естеріңізде болса бұған дейін бірнеше ата-ана бұрынғы санаториялық мектеп ғимаратын 20-шы мектепке беруге қарсылық білдірген еді. Бүгінде тұрғындарға толықтай түсінік жұмыстары жүргізілген. Дегенмен де бұл мектептегі 20-ға жуық оқушының ата-анасы балаларын өзге мектепке ауыстыруға шешім қабылдаған. Қазір мектепке дейін асфальт төселген. Білім ошағының маңына 5 аялдама қойылуда. Білім күніне жиналған ата-аналар мен оқушылардың жүздері бал-бұл жайнайды.Бұл білім ошағында 2300 өрен білім алса, қосымша ғимартта бастауыш сыныптардағы 1000 оқушы оқитын болады. Жыл сайын оқушы саны көбейгендіктен мұғалімдер жас мамандармен толығуда.  Биылғы білім беру форматы бұрынғыға қарағанда өзгерек. Қосымша домбыра класстары ашылып, әліппе қайта оралғаны көңілге қуаныш ұялатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.