Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"МЕКТЕП САЛАТЫН КОМПАНИЯЛАРҒА СЕНБЕЙМІН"

c 11:01, 12/06/2023 c 56

0:00 / 0:00

Ұлттық жоба аясында апатты мектептер, үшауысымды оқытуды жою және орын тапшылығын азайту мақсатында еілімзде 401 жайлы мектеп салынады. Оның ішінде 226 мектеп 2024 жылы іске қосылады. Қалған 175-і 2025 жылдың аяғына дейін іске қосылады деп жоспарланған. Жайлы мектептердің құрылысына 2,6 трлн теңге қарастырлып отыр. Алайда, депутаттар осы қомақты қаржының қолды болмай, сапалы мектеп салынатынына сенімсіздік танытып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Жайлы мектеп» жобасы талқыланған еді.

Алдағы екі жылда елімізде 400 ден аса «Жайлы мектеп» салу жоспары тұр. Бұған республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге қарастырылған. Аталған қаржыны мектеп салатын құрылыс компанияларына үлестіру үшін «Samruk-Kazyna Construction» мекемесі жауапты оператор болып бекітілген. Алайда, депутаттар бүгінде құрылыс саласында монополист болып алған белгілі компаниялардың мектеп құрылысын сапалы жүргізетініне күмән тудырды.

Сайыров жайлы мектептер құрылысына өткізілетін тендерді қоғамдық баұқылауға алып, оған депутаттарды қатыстыруды талап етті. Мәжілісмен осы мәселеге жауапты құзырлы органдар мен құрылыс компанияларына сенбеймін дейді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, соңғы 10 жылда оқушы саны млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп отыр. Қазіргі күннің өзінде 270 мың оқушы орны тапшы. Егер қосымша мектеп салынбаса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш миллионнан асады. Жоба аясында алдағы екі жылда еліміздің қалалары мен ауылдарында 401 «жайлы мектеп» салынады. Осылайша үш аусымды, апатты мектептер мәселесін шешіп, орын тапшлығын жоямыз деген жоспар бар. Мектептер құрылысы қолға алынғанда 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп отыр. Бірақ осы жобаға жауапты оператор «Жайлы мектеп» жобасына енген нысандар тізімін қысқартпақшы екен. Депутаттар «сайлау алдында халыққа берген уәдеміз не болады»- деп даурықты.

Жайлы мектептер жиһаздармен толық қамтамасыз етілетін болады. Әр оқушы үшін жеке шкафтар, трансформер парталар қойылады. Спорт, ән-би үйірмелеріне арналған залдар болады. Мектеп іші эстетикалық тартымды болуы үшін ұлттық нақышта безендіріледі. Әрбір мектеп заманауи пән кабинеттерімен, интерактивті құрылғылармен жабдықталады. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін әмбебап шеберханалар болады. Сондай-ақ, мұғалімдер бөлмесі, демалыс аймақтары қарастырылады. Жоба ұсынушылар ауылдарда салынатын жайлы мектептердің дәретханасы ішінде болады деп сенідерді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.