Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсауға әрекет ету фактісі шындыққа жанаспайды

c 17:43, 20/03/2018 c 700

Бұл жөнінде Орал қалалық білім бөлімі хабарлап, жалған ақпарат таратушылар жазаға тартылатынын мәлімдеді. Қазіргі кезде осы мақсатта материал жинақталып жатырған көрінеді. Анығырақ айтар болсақ, осыған дейін әлеуметтік желіде №3-ші мектептің 4ші сыныбының оқушысы сынақ жұмысынан алған бағасы үшін шатырға шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпар ватцап мессенджер желісінде кең тараған болатын. Бүгінде осы мәліметті алғашқы боп таратушының кім екені тексеріліп жатыр.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратта: "Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға нашар баға немесе төмен балл жинағаны үшін ұрыспаңыздар. Бүгін 3-ші мектептің 4-сынып оқушысын өз-өзіне қол жұмсамақшы болған жерінен аман алып қалды. Тесттен жинаған нашар балы үшін ол төбеден секірмек болған. Балаларға барлығын түзетуге болатынын түсіндіріңіз. Оның анасы шақырылып, психологпен жұмыс жасап жатыр. Егер сіз балалардың өміріне бей-жәй қарамасаңыз осы ақпаратты таратуыңызды сұраймын",- деп жазылған хатта. Қазір білім бөлімі осы ақпарды алғашқы боп жазып, таратқан адамды іздеу үстінде.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта айтылған 4-сынып оқушыларының сабағына біз арнайы қатысып, көзбен-көз кездесіп, өздерінен жағдайларынан сұрап көрдік. Айтуларынша, сынақ жұмыстары жақсы өткен.

Мектеп директоры елді шулатқан ақпараттың қайдан шыққанын ұжымдағылар да түсінбей жатқанын айтып отыр. Және жалған хабар таратушы жазаға тартылуын талап етуде.

Жалған ақпарат таратушыға ҚР-да қылмыстық жаза қарастырылған. Ол 274 бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарын атқаруға мәжбүрленеді немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына тартылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.