Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп оқушысы "Мисс" атанды

c 09:03, 15/10/2021 c 2137

"Орал Аруы - 2021" байқауы мәресіне жетті. Ең сұлу ару мәртебесіне ие болған Екатерина Кужекешова орта мектеп оқушысы. Қазылар алқасының шешімімен "Орал Аруы - 2021" атағын иеленген ол №3 мектепте оқиды.17 жасар облыстың ең сұлу аруы болашақта өнер саласын таңдаймын дейді. Бос уақытында вокалдан тәлім алып, фотоаппаратымен табиғат тамашаларын суретке түсіріп, бірақатар сән орталықтарында сәнбике болып тәжірибе жинақтап жүр.Ал арулар байқауын ұйымдастырушы сән саласының кәнігі маманы -Жұлдыз Хұспанова өткен жылы пандемияға байланысты дәстүрлі шара өтпей қалғанын айтады. Ал биыл қашықтан ұйымдастырылған байқау екі айға жуық уақыт өткен.Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, дизайнер, стилист Алексей Чжен болған. Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" тәжі 18 жастағы Сұлтанбибі Шахаповаға бұйырған. Ал "Ақтөбе Аруы" атауын Назерке Карманова иеленсе, "Павлодар Аруы" тәжі Айдана Жұмабековға тиесілі болды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.