Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп формасы қанша тұрады?

c 11:35, 13/08/2018 c 829

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналар қауымы үшін баламды қалай мектепке даярласам болады деген сауал мазалайтыны рас. Білім беру ошақтары өткен оқу жылында ата-аналар комитетімен бірлесе отырып, мектеп формасының түсін бекітті.

2010 жылдан бастап еліміздің әрбір мектебі өзіндік мектеп формасын бекітіп, сол форманы оқушылар сақтап, күнделікті сабаққа келуі тиіс. Бұл форманың түр-түсін, кескін-келбетін мектептің ата-аналар комитеті қабылдайды.

Құралай Арыстанова есімді келіншек бес баласын жалғыз өзі тәрбиеп отыр. Жалғыз басты ананың тұңғышы биыл мектепті тәмамдапты. Ал 3 баласы мектеп жасында. Кенжесі болса, бала-бақшада тәрбиеленіп жатыр. Құралай ханым жаңа оқу жылы жақындаған сайын, балаларды мектепке киіндіру басты мәселем. Былтырдың өзінде  мектеп жасындағы 4 баланы толыққанды мектепке киіндіру үшін 100 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Ал, биыл бұдан да көп қаражат жұмсайтын сияқтымын,- дейді.

1- тамыздан бері барлық дүкен сөрелерінде мектепке қажетті киім-кешектердің алуан түрі қойылып, саттыққа шығарылды. Олардың бағасы да пішіні әртүрлі. Мәселен, бірінші сыныпқа баратын ер балаға арналған костюм 12 мың жарым теңгеден басталады. Ал, қыз балаға арналған фортук пен костюмнің бағасы 10 мың теңгеден басталып отыр. Сатушылар сауданың қызған шағында ата-аналардың таңдауы қара көк костюмдерге түсіп жатыр,- дейді.

Сондай-ақ, ата-аналар баласына мектепке киюге арналған костюмнен бөлек, спорттық киім мен қос қостан аяқ киім алып беруі тиіс. Олардың бағасы да арзан тұрмайды. Бұл тізімге мектепке арналған баланың сөмкесін қосыңыз. Бір баланы мектепке даярлау үшін Оралдық ата-аналар қалтасынан шамамен 45 мың теңгедей қаражат жұмсауы мүмкін. Алайда, талғамға талас жоқ демекші, бұл сомманың әртүрлі құбылуы да ғажап емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.