Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мейрамхана оқыту орталығына айналды

c 17:01, 27/05/2021 c 725

0:00 / 0:00

Пандемияның кесірінен кәсіпкерлер дөңгелентіп отырған кәсіптерін басқа арнаға бұрып, өзге бизнестің түрін меңгеруге мәжбүр. Қазіргі таңда банкет залдарының қожайындары үлкен ғимараттарын жалға берсе, енді біреулері дүкен ашып, амалдап отыр.

Зашағандық бүлдіршіндер бос уақыттарында түрлі үйірмелерге қатысады. Бірі-ағылшын тілін меңсерсе, енді бірі шахмат үйренуде. Ал кейбір өрендер ән шырқап, өнерлерін шыңдап жатыр. Көркем сөзге жақын оқушылар мәнерлеп оқу үйірмесіне қатысуда.

Үйірмеге қатысып жатқан оқушылар орталыққа келіп, құрдас-қатарластарымен көңілді, әрі қызық уақыт өткізетіндіктерін айтады.

"Шабыт" орталығы биыл қаңтарда өз жұмысына кірісті. Жаңа ғимарат педагогтарға балалармен жұмыс жасауға ыңғайлы екенін айтады.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері өңірде өзге кәсіптің түрін меңгеріп жатқан кәсіпкерлердің аз екенін мәлімдеді. Бизнес субъектілерінің өзге кәсіпке ауысуы үшін оны жабдықтайтын қаржысы тапшы.

Жалпы БҚО 43 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Пандемияның кесірінен көптеген сала тақырға отырып, есіктеріне қара құлып іліп, кредитін төлей алмай келеді. Үкімет кәсіпкерлерді қолдау үшін несиені кешіктіріп төлеуге болатын мүмкіндік берді. Жақында жабық тұрған кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қан жүгірту үшін "Ашық" бағдарламасы іске қосылған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.