Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медицина жетістіктері

c 13:27, 06/12/2021 c 980

0:00 / 0:00

Атап айтқанда облыстық ауруханада үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бері аса ауыр және жазылуы ұзақ уақытқа созылатын жаралары бар науқастарға түрлі оталар сәтті жасалған. Оның ішінде іріңді жараларды емдеуге мемлекет бөлген қаржыға техникалар алынған. Нәтижесінде 15 облыс тұрғыны дертіне дауа тауыпты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жабдықтар үздіксіз жаңартылып, халық денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар жасала беретін болады,- дейді ақ халаттылар.2021 жылғы 5 наурыздағы денсаулық сақтауды дамыту туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстағы емдеу нысандарына жабдықтардың жаңа түрлерін сатып алу, диагностика мен хирургиялық араласудың жоғары технологиялық түрлерін енгізу, нейрохирургия, кардиохирургия, офтальмология мамандарын даярлау бойынша іс-шаралар жоспары жасақталған. Саланың материалдық-техникалық базасын нығайту шеңберінде 2021 жылы 3402,7 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні емделушілерге қажетті ем-дом шаралары тегін жергілікті ауруханада жүргізіледі. Бұл қызмет облыс халқынан бөлек көршілес аймақтарлың тұрғындарына да көрсетіледі. Биыл жалпы сипаттағы трансферттер есебінен ауылдық денсаулық сақтау саласына медициналық жабдық сатып алуға 610,3 млн. теңге, «Жедел жәрдем» көліктерін алуға 155,8 млн. теңге, күрделі жөндеу жобаларына және жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтауға 285,7 млн. теңге, модульдік құрылымдарды сатып алуға 662,6 млн. теңге, медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 1688,3 млн. теңге бөлініпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.