Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медиаторларға арналған семинар өтті

c 17:59, 18/07/2019 c 691

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 140-қа жуық медиатор қызмет жасайды. Олар араздасқан азаматтармен жүздеседі. Кейін, мәселені анықтай отырып, қос тараптың көңілінен шығатын шешім қабылдап, түйінді сотқа дейін шешуге жұмыстанады. Бұл өз кезегінде сотта қаралатын істердің санын азайтып, бітімгершіліктің қанат жаюына мүмкіндік береді. Өркениетті елдерде медиация саласы 20- ғасырда кеңінен дамып, Ақш, Австралия мен Ұлыбритания сынды елдерде өз бастауын алған. Түйіткілді мәселені оңтайлы жолмен шешу үрдісі Қазақстанда 2011 жылы қабылданған заң жобасына сай жұмыс жасай бастады. Десек те, көне тарихтың парақтарына үңілсек, ертеректе, күрделі мәселелерді билер шешіп, әділдігін айтып, дауласқан тараптарды татуластырып отырды. Дала өркениетінің бір бөлігі бүгінгі күнде көрініс тапқанын Орал қаласына арнайы медиаторлардың кәсіби біліктілігін арттыруға келген мамандар да растап отыр. Еліміздің аумағында медицина мен білім саласында қаралатын түрлі даулардың медиация тәртібімен өз шешімін табуы үшін Нұр-сұлтан мен Қарағанды қалаларында арнайы тәжірбие қолға алынған. Аталмыш бастама биылғы жылдың аяғына дейін ұйымдастырылады деп жоспарланған. Сала мамандары жоба аясында туындаған жанжалдардың тең жартысы медиация тәртібімен қаралғандығын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.