Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Оралға табан тіреді

c 16:28, 16/07/2018 c 842

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының мәжіліс депуттаты Кенес Әбсаттаров Ақ жайық өлкесіндегі іс сапарын бастады. Халық қалаулысы ең бірінші болып мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үймен танысты. Аталмыш нысан 64 пәтерлік. Көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты бизнес нысандарына беріледі деп жоспарланып отыр.

Облысымызда тері илеп, былғарыдан аяқ киім тігетін кәсіпорынның өңір экономикасына тигізер пайдасы мол. Алайда, тері илеумен айналысатын кәсіпорын шикізат мәселесінде бірқатар қиындықтар бар. Яғни, біздерде сапалы тері жоқтың қасы,- дейді. Қазіргі таңда кәсіпорын өндіретін мамандар иленген теріге елімізде сұраныс жоқ. болса да оның саны аз көрінеді. Сол себепті тері өнімдері шетел асып, экспортталып жатыр.

Оралға табан тіреген мәжіліс депутаты аталмыш кәсіпорынның жұмысымен танысқан тұста кәсіпкерлерден бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл сектордағы басты мәселе ол сапалы тері екендігі сөзсіз. Тағы бір өзекті мәселе өндірілген өнімнің шетелге асуы да назардан тыс қалмады. Облыс орталығына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты бұл мәселелердің өзектілігіне тоқталып өтті.

Жұмыс сапарымен Оралға табан тіреген мәжіліс депутаты былтырғы жылы құрылысы басталған тұрғын үйдің құрылысымен танысты. аталмыш нысан 64 пәтерлік. Құрманғазы көшесінде құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында іске асып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.