Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мастер" құрылыс материалдары дүкендер желісінің жаңа сауда үйі ашылды

c 17:27, 27/08/2018 c 808

Орал қаласында тұтынушыларын сапалы да, сәнді құрылыс материалдарымен қуантып келген "Мастер" сауда үйі салтанатты жиынның құрметіне ұтыс ойнатты. Ұтысқа 100-ге жуық сыйлық түрі тігіліп, әсем ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан қонақтардың ешқайсысы құр қол қайтпады.

15 мыңнан астам тауар түрін тұтынушы бір жерден таба алады. "Мастер" гипермаркетінде үй, ішкі безендіру, құрылыс материалы, жөндеу, бау-бақша сынды 10 сауда бөлімі бойынша тауарлар сатыққа қойылған. "Мастер" дүкендер желісі бүгінде құрылысшылар мен өз үйіне жөндеу жасайтын жандар үшін таңдаулы сауда орындарының біріне айналды. Сапалы құрылыс материалдары мен әдемі түс қағаздар, қажеттінің бәрінің кең тауын "Мастер" сауда үйінен таба аласыз. Жаңадан ашылған ғимараттың аумағы 3 мың шашы метрден асады.

-"Мастер" компаниясында 300 мыңдай адам жұмыс жасап жатыр. 4 филиал, 4 дүкен бар. Оның біреуі - Атырауда, біреуі-Ақсай қаласында, екеуі-Орал қаласында орналасқан. Бүгін біз үлкен, сатып алушыларға ыңғайлы, көп бейінді жаңа дүкен ғимаратын ашып жатырмыз",-дейді "MasterTradeSystem" ЖШС бас директоры Тимур Ибатуллин.

-"Мен "Мастер" дүкеніне жиі келемін. Үйге бір нәрсе қажет болса осынан аламын. Акция жөнінде достарым мен таныстарымнан естіп-білдім",-дейді ұтыс жеңімпазы атанған тұтынушылардың бірі.

Тауарлар құны қолжетімділігімен көңілден шықты. Оның үстіне бұл күні әр түрлі пайыздық жеңілдіктер жарияланды. Ашылу салтанатына жиылған тұитынушылар арасында ұтыс ойнатылып, бағалы сыйлқтар тарту етілді. "Мастер" дүкендер желісінің жаңа гипермаркеті Еуразия даңғылы 246/11 мекенжайында орналасқан. Өз баспанаңызды талғамыңызға сай безенедіріп, құрылыс бастағыңыз келсе, "Мастердің" сыналған сапалы тауарларын тұтынуға кеңес береміз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.