Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЫРЫМДА ТАСҚЫН СУ БАСҚАН БАСПАНАЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

c 14:06, 07/08/2023 c 59

0:00 / 0:00

Жымпиты ауылының тұрғыны Максим Суровцев тасқын су басқан баспанасын ретке келтіріп жатыр. Ауыл тұрғыны қара күзге дейін құрылыс жұмыстарын бітіріп, амалы жоқтан қаланы уақытша паналаған анасын үйіне әкелуді армандайды. Өйткені тұрғын үйді су басқан мезетте пәтер ішін сыз тартып, тұруға жарамсыз күйде болған. Сыртқы сылауы да жаңартуды қажет етеді.

МАКСИМ СУРОВЦЕВ

ӨЛЕҢТІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сырым ауданына жұмыс сапары аясында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары тасқын судан зардап шеккен азаматтардың шаңырағында болды. Отбасыларға жасалған көмектың дер кезінде берілгеніне көз жеткізген халық қалаулылары бұл жұмыстар «Aq jol», «Amanat» партияларының бақылауында екенін атап өтті. Ал қолдау шараларына келсек, «Ауыл тұрғындарының жағдайымен танысып, оны жақсарту бағытындағы жұмыстарды атқаруда аудандық мәслихат депутаттарының ықпалы зор» деп бағалады ақжолдық депутат.

ЕРЖАН ХАСАНОВ

«AQ JOL» ҚДП ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

 

Өлеңті өзеніне жақын орналасқан тағы 7 үйдегі жағдай да осындай. Арнайы комиссия құрылып, бұл отбасылардың есепшоттарына қаражат аударылып, құрылыс материалдарымен көмек көрсетілген. «Жетіспеген құрылыс жабдықтары демеушілер арқылы қайта толықтырыла» дейді аудан басшылығы.

МЕЙРАМ ҚАЙЫРҒАЛИЕВ

ЖЫМПИТЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

ИНТЕРШУМ  

Ауыл тұрғындарын мазалаған бірқатар мәселе бар. Соның бірі - ауданмен байланыстыратын Қособа ауылының жолы болатын. Биыл екі мердігер анықталып, жыр болған елдімекен жолын орташа жөндеу басталды. Қоғамдық және ардагерлер кеңесінің мүшесі көтерген әлеуметтік мәселелерде облыстық мәслихат бақылауына алынып, байланыс үзілмейді.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.