Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖОЛ, МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

c 14:13, 07/08/2023 c 75

0:00 / 0:00

Республикалық маңызы бар жолда орналасқан ауылдардың жағдайын Ұлттық қор, трансферттер есебінен жақсарту шаралары жалғасуда. Солардың бірі - Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылы. Қазір мұнда елдімекен кіреберісіндегі 9 шақырым жолды жөндеу басталған. Мердігерге биыл 4,5 шақырымын жөндеу жүктеліпті.

ИНТЕРШУМ

Жұмысшылар  құрылысты жеделдетуге тырысқанымен жауын-шашын мүмкіндік бермей жатқанын айтады. Сәйкесінше құрылыс мерзімінен кешігіп тапсырылады. Учаске басында болған облыстық және аудандық мәслихат депутаттары құрылыстың қанағаттандырарлық деңгейде емес екеніне көз жеткізді. «Жоспарланған уақытында тапсырылмаған жұмыс ауыл мен ауданға қатынасты қиындатады»,-дейді «АQ JOL» ҚДП атынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов.

ЕРЖАН ХАСАНОВ         

«AQ JOL» ҚДП ОБЛЫСТЫҚ  МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Ал Ханкөлдегі мектеп құрылысы қарқынды. 60 орындық шағын жинақты мектеп жаңа оқу жылының екінші тоқсанында тапсырылмақ. Мердігер 4 жергілікті тұрғынды уақытша жұмыспен қамтып отыр.

АБЫЛАЙ НҰРМҰХАМЕДОВ 

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ

Халық қалаулылары құрылыстың 80 пайызын орындаған құрылысшылардың еңбегіне оң бағасын берді.

МҰРАТ МҰҚАЕВ

БҚО МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Қаратөбе ауданындағы аталған қос құрылыс облыстық мәслихат және өңірдегі «АQ JOL» ҚДП-ның бақылауында болмақ. Депутаттық корпус қомақты қаражаттың тиімді жұмсалуымен қоса жұмыстың сапалы атқарылуын қадағалайды. Биыл республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға 180 млрд теңге бөлінген. Сайлауалды бағдарламаның орындалуына көз жеткізу мақсатында елдімекендерді аралаған арнайы комиссияның сапары Шалғын ауылында жалғасты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.