Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Марафонға 1000 ға жуық адам қатысты

c 15:43, 06/05/2019 c 631

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекесіне арналған көктемгі жартылай марафон өтті. Мерекелік марафонға 1 мыңдай қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ көршілес облыстардан, аудандардан арнайы келген марафоншылар да шараға қатысты. Мерекелік марафон қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында ұйымдастырылды. Жүгіруге қатысушылар 5, 10, 21 шақырымдық қашықтық бойынша сайысты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов  жартылай марафонға қатысып, белсенділік танытты.  5 шақырымдық қашықтықтағы жартылай марафон бойынша ерлер арасында алғаш болып мәреге 19 минут 30 секундта Мәди Аманғалиев жетті. Екінші орынды 19.54 минуттық көрсеткішпен Азамат Қылыш иеленді.  Үздіктер үштігін 21 минуттық көрсеткішпен мәреге жеткен Самат Аманшин түйіндеді.Ал әйелдер мен қыздар арасында 12 жасар Наталья Панова - бірінші орынды алды. Марафонға 800 ден аса тұрғын қатысты. Яғни бұқаралық спортқа ден қойғандар қатары артып келеді дейді  марафонды ұйымдастырушылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.