Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

c 14:39, 06/12/2022 c 1911

0:00 / 0:00

Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұр. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің өкілі Құдияр Нұрсейітов айтты. Мал ұрлығына осы салада шаруасын өрбітіп отырғандар жиі тап болады.

Бұл тақырып халық арасында да жиі талқыланады. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында да осы мәселе жиі көтеріледі. Айта кету керек, көбінесе еркін жайылымда жүрген мал басы ұрланады. Себебі, жайылымда жүрген мал ұзақ уақыт қараусыз қалады. Жалпы, мал ұрлығының 56,6% осы еркін жайылымда жасалады, - дейді ол. Полиция үш күнде 175 мар ұрысын ұстады. Енді полиция мал ұрлығына қарсы күресте тұрақты негізде алдын алу шаралары қабылдауда.
ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2020 жылғы сәуірде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөнінде қағидалар әзірленді. Осы қағидаға сәйкес ауыл шаруашылық малдарын бақылаусыз жаюға тыйым салынады. Осы көрсетілген ережелерді бұзғандарға ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Биыл мұндай құқық бұзушылықтар үшін 25 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.