Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал бағу оңай болмайды?

c 14:28, 18/09/2020 c 915

0:00 / 0:00

ҚР-да үй жануарларын күтіп ұстау туралы жаңа ереже бекітілді. Бұл ереже ҚР әкімшілік кодексінің 408 бабына сәйкес бекітіліп отыр. Мақсат -қараусыз жүрген жануарлардың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алу және мал ұрлығын азайту. Енді қорасында малы бар әрбір адам төрт түлігі үшін өзі жауап беруге міндетті. Сиыр мен қой, жылқы секілді жануарлар қараусыз ауыл ішінде немесе көшеде жүретін болса, малдың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
ҚР әкімшілік кодексіне өзгеріс енді.Бұрын осы кодекске сәйкес үйіндегі иті мен мысығын қарамаған адам жауапқа тартылатын болса, енді бұл бап бойынша үйдегі барлық жануарларға иесі жауапты.Яғни, сіздің қой-ешкі, жылқы-сиыр секілді төрт түліктің бірі көшеде қараусыз жүретін болса заң алдында жауапқа тартыласыз. Енді осы заңға сәйкес әр адам, өз қорасындағы малды өзі қарап, жайылым жеріне дейін өзі шығарып жіберуі керек.Және жайылымға еркін жіберіп қоюға болмайды.Сіз далада жайылымда жүрген малды өзіңіз бағасыз немесе малшы жалдайсыз.Бұл заңмен міндеттеліп отыр.
Бұл ереже БҚО маслихатының шешімімен қабылданып отыр. Ережені қабылдаудағы мақсат жол бойында кездесетін көлік апатарының саның азайту . Басты мәселе мал ұрлығына жол бермеу.БҚО -да мал ұрлығы жиі тіркеледі.Биылғы жылдың 8 айында 226 мал ұрлығы фактісі тіркелген. Осының ішінде 186 мал ұрлығы фактісі далада, еркін жайылымда ұрланған.Малдың қараусыз жүргенін білгендер даладан ұрлап әкете берген. Бұдан бөлек осы жылдың 8 айында қараусыз жүрген малдың кесіріне 28 жол апаты тіркелген.Енді осындай келенсіз оқиғалар болмас үшін әркім қорасындағы малдың "тәртібіне" жауап береді.
Бұл ережеге сәйкес егер кімде кім өз малына, ит мысығына жауапкершілкпен қарамаса ҚР әкімшілік кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал, сіздің малыңыздың кесірен біреуге зиян тисе 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.