Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызыл жалын зардабы

c 15:45, 11/10/2019 c 729

0:00 / 0:00

6- қазанда БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында екі қабатты тұрғын үй қызыл жалынға оранды. Тілсіз жаудан 8 отбасы зардап шегіп отыр. Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, ғимараттың 60 шаршы метрі жанып кеткен. Өрттің салдарынан тұрғын үйдің шатырына да зақым келген.

Аталмыш әуесқой түсірімде, Дариян ауылының Шолохов 7 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қалай өртке оранып, мамандардың қызыл жалынды ауыздықтап жатқаны бейнеленген. Сала мамандарының келтірген дерегі бойынша, ғимараттың 60 шаршы метрі өртке оранған.

Бұл үй осыдан 5 жыл бұрын, мемлекеттік бағдарлама аясында шатырын жаңартып, модернизациядан өткен. Пәтер тұрғындары қарызды әлі ай сайын, бірнеше жыл бойы төлеуі керек. Тілсіз жаудан зардап шеккен азаматтар өз есебімізден шатырды жөндей алмаймыз,- дейді.

Тұрғындардың арасында пәтерлерін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 15 жылға несиеге алған жас отбасылар бар. Олар үйімізді жарықты қосуға болмайтындықтан, жақын-жуықтың баспанасында жүрміз,- дейді.

Өрт тұтанған пәтердің иесі І топтың мүгедігімін, зардап шеккен жандарға өтемақыны төлей алмаймын деп отыр.

Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғын үйдің тұрғындарын толғандырған сауалын ауылдық атқамінерге жолдадық. Олар үйдің шатыры мемлекеттік бағдарлама арқылы жөнделгендіктен, екінші рет аталмыш шатырды жөндеуге болмайды. Ал, ауыл бюджетінде тілсіз жау табиғи апаттың салдарынан болмауына байланысты тұрғындардың мұқтажына қаржы бөле алмайтын айтады. Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров телефон арқылы шатырдың алдағы он күннің ішінде атымтай жомарт жандардың есебінен жөнделетіндігін жеткізді.

Тілсіз жаудан зардап шеккен үйдің тұрғындары жергілікті шенеуніктер көмек қолын созбаса, облыс әкімінен көмек сұраймыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.