Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызметті оңтайландыру

c 16:19, 02/04/2019 c 598

0:00 / 0:00

Енді жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы өтінішті үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады. Электронды үкімет порталында осындай жаңа қызмет түрі енгізілді. Осыған орай Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жол полициясы бірлесіп, жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Енді үйде отырып-ақ, жүргізуші куәлігін небәрі екі сағатта ауыстыруға болады. Ол үшін электронды үкімет порталы арқылы өтініш жолдасаңыз жеткілікті. Яғни, бұрынғыдай жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелеріне барудың қажеті туындамайды. Ең бастысы - электронды цифрлық қолтаңбаңыз болуы шарт.
Бұл ең алдымен құжат толтыру мен медициналық тексеріске кететін уақытты үнемдейді. Куәлік ауыстыру қызметін де онлайн жүйесінде төлеуге болады. Аталған қызмет тек уақыт мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін ауыстыруға арналған.  Жалпы, бүгінде электронды үкімет порталында азаматтар үшін 500 ге жуық қызмет түрі электронды негізде қолжетімді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.